Қызылорда облысы білім басқармасының
"Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ақпарат
Ақпарат
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ
24.07.2024
Конкурс жариялайды
«Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» КММ-нің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға Бесарық ауылына 60 жаңа орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс Конкурсты ұйымдастырушы: «Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» КММ 120600, Тереңөзек кенті кенті, Аманкелді көшесі №43 үй , телефон 87243621380 Конкурстық құжат ақысыз ұсынылады. Жалпы ережелер: «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурстық рәсім өткізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды: 1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды; 2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды; 3) "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес талаптарды; 4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған; 5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды; 6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды; 7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а 2023 жылғы 21 шілдедегі №224 бұйрығына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі. 14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат; 3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт; 4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері; 5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса). 15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады: 1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар; 2) медициналық қызметке лицензиялар; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар; 4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық); 5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер. Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың тәртібі. Конкурсқа өтінімді потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе почта байланысының тапсырысын қолдана мына мекен-жайға: Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» КММ 120600, Тереңөзек кенті, Аманкелді көшесі 43 үй, телефон 87243621380, электронды пошта be.zhanibekov@korda.gov.kz. 2024 жылдың 01-і мен 03-і шілде күндері сағат 19.00-ге дейін. Құжаттарды ҚҚҚБ -де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады. Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Білім беруді басқару органы Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады. Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
01.07.2024
📄 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
📄 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ 📆 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 💻 Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. 📌 Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
03.04.2024
2024 жылдың3 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп –лицей базасында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
2024 жылдың3 сәуір күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп –лицей базасында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға ауданымыздың 17 орта мектебінен (лицей) 27 оқушы қатысты. Нәтижесінде: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» номинациясы бойынша: І орын -№210 орта мектептің оқушысы Абатова Әмина; ІІ орын -№135 орта мектептің оқушысы Өтеген Ерлік; ІІІ орын -№37 мектеп-лицейінің оқушысы Абдулла Диана. «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар»номинациясы бойынша: І орын -№35 мектеп-лицейінің оқушысы Сәдуақас Нұрай; ІІ орын -№137 орта мектептің оқушысы Рахатқызы Інжу; ІІІ орын -№44 орта мектептің оқушысы Алпысбай Інжу. «Жаңғырту полюсі» номинациясы бойынша І орын -№139 орта мектептің оқушысы Нұрланқызы Айнұр; ІІ орын -№135 орта мектептің оқушысы Ерболатқызы Ақнұр; ІІІ орын -№135 орта мектептің оқушысы Бердіхан Мәди. «Жақсылық керуені»номинациясы бойынша: І орын -№42 мектеп-лицейінің оқушысы Сақтаған Айым. «Отаным қасиетті туған жерім»номинациясы бойынша: І орын -№210 орта мектептің оқушысы Асықбаева Айбибі. «Мен Қазақстанның азаматымын» номинациясы бойынша: І орын -№137 орта мектептің оқушысы Жұмабекқызы Кәусар; ІІ орын -№36 мектеп-лицейінің оқушысы Мұратова Аружан «Менің ашық университетім»номинациясы бойынша: ІІІ орын -№137 орта мектептің оқушысы Әкімсалова Инабат. «Қазақстанның жеті кереметі»номинациясы бойынша: ІІ орын -№44 орта мектептің оқушысы Баймұғанбет Айғаным; ІІІ орын-№210 орта мектептің оқушысы Дүйсенбай Ернар; ІІІ орын- №35 мектеп-лицейінің оқушысы Ерболқызы Айзере. Барлық жеңімпаздарды, ата-аналарын, жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
03.04.2024
"ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ" ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
"ҮЗДІК ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ" ПӘНІ МҰҒАЛІМІ Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес "Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- 2024" байқауы 3 аймақ бойынша (36,37,42) бастау алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз. Трансляция: https://youtube.com/live/aAyFa9FX_x4?feature=share №36 мектеп-лицей https://www.youtube.com/live/Kqmz7jz76-w?feature=shared №42 мектеп-лицей https://www.youtube.com/live/6XJQJZIj6zI?feature=shared №42 мектеп - лицей https://youtube.com/live/lSrSgz12KD8?feature=share №37 мектеп - лицей
01.04.2024
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында «Мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін дамытудағы әдістер мен технологиялар» тақырыбында тәжірибе алаңы болып өтті.
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында «Мұғалімдердің пәндік құзіреттілігін дамытудағы әдістер мен технологиялар» тақырыбында тәжірибе алаңы болып өтті. Тәжірибе алаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің педагогика ғылымдарының магистрі А.Примбетова, З.Ергалауова, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Б.Жарменова, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Аскаровалар тәжірибе алмасып, мектеп ұстаздарына пәнді оқытудағы әдіс – тәсілдерімен бөлісті. №36 мектеп-лицей мұғалімдері Л.Ахметова, А.Жарылқасынова, Г.Сулейменовалар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, талқыланды.
29.03.2024
ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.
ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. 2024 жылдың 26 наурыз күні №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп жобасы-кемел білім-кепілі: пәндер арқылы көркем әдебиетке бағыттау» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға Қызылорда облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Ақмырзаева, Қызылорда қаласы және барлық аудандардан келген мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында жаратылыстану пәндеріне көркем әдебиетті кіріктіре оқыту арқылы оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында Сырдария ауданы мұғалімдері сабақ көрсетіп, өздерінің озық педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі таңдағы сабақ үдерісіндегі жаңашыл әдістемелерімен бөліскен ұстаздарға облыстық оқу орталығының сертификаттары табысталды.
26.03.2024
ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ Бүгін аудан орталығындағы мектептердің қауіпсіздік жүйелерінің жұмысына зерделеу жүргізілді. Зерделеу барысында білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (117 бұйрық) сәйкес жұмыс істеуі, бейнекамералардың жұмыс жасап тұруы, оның ішінде барлық қауіпті аумақтарды қамтуы, аудандық полиция бөлімінің орталықтандырылған жүйесіне қосылуы мен дабыл түймелеріінің жұмыс істеп тұруы, күзет қызметтерінің талаптарға сай болуы және турникеттердің жұмысы қадағаланды. Бүгінгі күні аудан бойынша барлық мектептер 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Яғни, мектептерде 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептерде хабардар ету жүйесі, дабыл түймелерімен, контингент саны 700-ден асатын мектептер турникеттермен, сонымен қатар арнайы мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген.
26.03.2024
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстық комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ
27.12.2023
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін 2024 жылға қалыптастыру үшін конкурс
04.12.2023
Ауыл олимпиадасы
20.11.2023
"Есірткісіз аймақ"
18.11.2023
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлы
Қызылорда облысының әкімі
Есжанов Асқарбек Темірбекұлы
Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы
Жанибеков Берик Съездович
Cырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
+7 (72436) 2-17-78
Кызылординская область, Сырдарьинский район, с.Теренозек, АМАНГЕЛЬДИ ИМАНОВ, 43
© 2024 Қызылорда облысы білім басқармасының "Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі